https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

«Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар, «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» -деп көрсетті. Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жас­тар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары – индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.

2014 жылдан бастап елімізде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін-2050» атты мемлекеттік бағдарлама жұмыс істеп келе жатыр. Бағдарламаның мақсаты-халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жастарды кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп отырған Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру болып табылады.

Аталмыш бағдарлама биыл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің білім ордасы, Қазақстандағы жоғары білікті мамандарды дайындайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде де іске асырылып жатыр. «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы бойынша ҚарМТУ-ға 644 талапкер білім грантына ие болды.

ҚарМТУ ректорының бұйрығы негізінде №585с 2015ж. 09 қыркүйекте «Серпін- 2050».оқу орталығы құрылды. ҚТжМ кафедрасының аға оқытушысы Ш.А. Жетпісбай жетекшісінің м.а. тағайындалды.