«

»

Тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы

ҚарМТУ жатақханаларында тұратын студенттердің жағдайы

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша түскен студенттер Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жатақханаларына орналастырылды. №1 жатақханада (240 адам), «Серпіндестер Ордасы» (200 адам),  ТК «Армандастар Ордасы» (41 адам) жинақты түрде орналасты. Бірқатар студенттер өз қалаулары бойынша туған-туысқандарының және жалдамалы пәтерде (43 адам) тұрады.  «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқуға түскен студенттер үшін №1 жатақхана ақысы айына – 3142тг, «Серпіндестер Ордасы» — 3142тг және ТК «Армандастар Ордасы» — 12500тг. құрайды.

1

 «Армандастар Ордасы» жатақханасы

2

«Армандастар Ордасы»  жатақханасының асханасы

3

«Армандастар Ордасы»  жатақханасының тұрғын бөлмесі

№1 жатақхана қала орталығының университет қалашығында орналасқан (Терешкова-40). 350 орынға арналған, барлығы 94 бөлме,  әрбір бөлменің аумағы 21 мқұрайды. Бірінші қабатта екі демалыс бөлмесі бар (аумағы — 26 м2,  22 м2),  акт залы (аумағы — 76 м2), электронды оқу залы (аумағы – 78 м2).

Әрбір қабатта екі әжетхана бөлмесі бар (әйелдер 4-б., ерлер –3 б.) аумағы 14,2 м2 құрайды. 8 жуынатын бөлме бар, әрбір қабатта-2, әрқайсысында 7-жуынатын раковина (аумағы 13,4м2 ), әйелдер мен ерлердікі бөлек.  Сондай-ақ №1 жатақхананың әрбір қабатында тұрмыстық бөлме (аумағы 3,50м2), электр плитамен жабдықталған (3-дана), киім кептіретін бөлме (аумағы 12,6 м2), тоңазытқыштарға арналған бөлме (аумағы 12,0м2). 1-ші қабатта кір жуатын бөлме (аумағы — 6,2 м2, 3 кіржуғыш машина – автомат) бар.

4

№ 1 жатақхананың демалыс бөлмесі

5

№1 жатақхана ас дайындайтын бөлме

«Серпіндестер Ордасы» жатақханасы 289 орынға арналған, барлығы 116 бөлме. Бірінші қабатта екі демалыс бөлмесі, акт залы, 2 электронды оқу залы, 2 зат сақтайтын қоймасы бар.  Әрбір қабатта екі әжетхана бөлмесі бар (әйелдер 4б., ерлер –4б.), 9 жуынатын бөлме бар, әрбір қабатта -2, әрқайсысында 9-жуынатын раковина бар. Сондай-ақ «Серпіндестер Ордасы» жатақханасының әрбір қабаты электр плитамен (3-дана), тоңазытқыштар –(3 дана), киім кептіретін бөлме, киім үтіктейтін бөлме, 1-ші қабатта кір жуатын бөлме (4 кіржуғыш машина – автомат) жабдықталған.

6

«Серпіндестер Ордасы» жатақханасы

7

«Серпіндестер Ордасы» жатақханасы

8

«Серпіндестер Ордасы» жатақханасындағы компьютерлік сынып

9

«Серпіндестер Ордасы»  жатақханасындағы зат сақтау қоймасы

 

10

«Серпіндестер Ордасы»  жатақханасындағы киім үтіктейтін бөлме

11

«Серпіндестер Ордасы»  жатақханасындағы ас дайындайтын бөлме

12

«Серпіндестер Ордасы»  жатақханасындағы тұрғын бөлмесі

13

«Серпіндестер Ордасы»  жатақханасындағы демалыс бөлмесі

Университет Жарғысының, ҚарМТУ ішкі тәртіп ережелерінің, жатақханада тұру ережелерінің сақталуын бақылау, жатақхана ішіндегі тәрбие беру, оқу, мәдени, қоғамдық жұмыстарының сапасын жақсартуға бағытталған жобалар мен іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында Студенттер Кенесі жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс істейді (жұмыс жоспарлары ұсынылады).

1

«Серпіндестер Ордасы» жатақханасының Студенттер Кеңесі

 2

№1 жатақхана Студенттер Кеңесі

16

Студенттер Кеңесінің жұмыс жоспары